Ш.Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Ш.Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
ҚазАқпарат

Мемлекет басшысының жарлығымен қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды «Хабар 24» Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын делінген құжатта.