Көксай ауылында шешілмеген мәселе көп – Алматы облысы

Алматы қаласына тиіп тұрған Көксай ауылында күрделі мәселелер көбеймесе азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені мұндағы халық саны жылдан жылға артып келеді. Соның нәтижесінде жол, жарық, су, кәріз құбыры секілді мәселелер жылда туындайды. Әсіресе жаз келсе болды ауыл тұрғындарына ауыз су тапшы.

Кегенбай Әшімов, ауыл тұрғыны:

- Бізде су тапшы. 15 күннен асып кетті су жоқ мүлдем. 00 02 24  Көрінген жерден су әкеп тасып ішеміз. Ол жетпейді кір жуылмады. Бала-шаға жуылған жоқ. Судан қатты қысылып отырмыз.

Дәрігүл Нұршабаева, ауыл тұрғыны:

- Біздікі жол мәселесі мен су. Қала мына тиіп тұр. Бізде су жоқ неше жыл болған мынау Көксайда. Неге? Түсінбейсің. Біздің келгенімізге 4 жыл болды. Содан бері тасып ішіп жатырмыз Үшқоңырдан.

Суға жауапты мамандар тіршілік нәрінің тапшылығын екі нәрсемен байланыстырады.  «Жаз кезінде тұрғындардың көбі бақшасын суғарады7 Cондықтан ауылдың басына ауыз су жетпейді. Екінші мәселе көнерген  құбыр жүйесін ауыстыру керек»- дейді.

Абылай Ысқақов, Іргелі ауылдық округінің әкімі:   

- Көксай ауылында Қожабекова көшесінде шамамен 10 үйде су қысымы аз, ол бар. Қазіргі  уақытта осы суды беріп отырған мекеме бар Биаш Транс ЖШС. Сол кісілердің басшыларымен сөйлесіп бұл мәселені талқылап отырмыз. Бірінші причинасы насостың қуаты аз деп. Сондықтан бүгін кешке дейін более мощный насос қоямыз ауыстырамыз деп отыр.

Көлік ағыны үзілмейтін Көксай көшелері тым тар. Ал оны кеңейтуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Өйткені жер үйлердің барлығы бір-біріне жапсарласа салынған. Жаяу жүргіншілер жолы жоқтың қасы. Ал ауыл шетіндегі жаңа түскен ықшам аудандарда көше атымен жоқ.

Жандос Айтбайұлы, тілші:

- Көксай ауылының кейбір тұрғындары осылай қалың шөптің, қалақайдың арасымен жүруге мәжбүр. Өйткені жол жоқ. Жол жасаймыз деп газ құбырын тартқан кезде өткел қалдырған екен бірақ жуық арада жол түсетін жерге ұқсамайды. Яғни, тұрғындар қыста, көктемде батпақ кешіп, қар кешіп осылай қалың шөптің арасымен жүруге мәжбүр. 

Жамалхан Мажинова, ауыл тұрғыны:

- Жаңа мына қалың қалақайдың арасымен өзім өттім. Аяғымды қалақай шақты. Құладым, Невозможно. Жол жоқ. Ойқыш- ұйқыш бәрі өте нашар.

Абылай Ысқақов, Іргелі ауылдық округінің әкімі:  

- Бізде Іргелі ауылдық округінде ресми 47 атаулы көше бар. Одан бөлек 52 квартал бар. Әрқайсысында 2-3 көшеден бар. Сонда шамамен санасаңыз  250-300-дей көше бар.  Әзіргі уақытта 47 ресми көшенің  50 пайызы ғана  асфальтталған. Біз  жергілікті әкімішілік тарапынан ұсыныс беріп жатырмыз аудан әкімшілігіне. Қаражат бөлінген жағдайда біз жолдарды жасаймыз.  

Бірақ Көксай ауылына қаржының қашан бөлінетіні әзірге белгісіз. Тұрғындар бұл сауалға нақты жауап ала алмай тарқасты. Ауыл тұрғындарының бар тілегі ауыз су мен жол мәселесін тездетіп шешіп берсе дейді.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Әбен Нарынбаев