500 әкім бизнес-жоба жасауды үйренеді

Елде 500-ден астам ауыл мен ауылдық округ әкімі біліктілігін арттырады.  «Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясында осындай курс басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының арқасында әкімдер жергілікті халықтың экономикалық белсенділігін арттырумен айналысады. Маркетингтік талдау жүргізіп, ауыл экономикасының перспективалы бағыттарын анықтауды үйренеді. Жерлігікті билік басшылары тиімді бизнес-жоба жүргізу дағдыларын да меңгеруге тиіс. Жоспар бойынша, 22 маусымға дейін Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 535 ауыл әкімі оқытылады. Жыл соңына дейін 2 мыңнан астамы оқу курсынан өтеді. 

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- Осы аптадан бастап пилоттық түрде Қазақстанның үш аймағында 204 ауылды елді мекендердің сайланған әкімдерін оқыту процесін бастадық. Ең алдымен мақсатымыз ол оқыту процесін үйлестіру емес, олардың тәжірибесін, құзыреттілігін арттыру.