Петропавлдағы ботаникалық баққа еліктің лағы жеткізілді

Петропавлдағы ботаникалық бақ тағы бір жануарменмен толықты. Бұл жолы оларға бір айға да толмаған еліктің лағы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны тас жолдың бойынан жергілікті тұрғындар тауып алған. Ал, енесін көлік қағып кеткен екен.  Қазір кішкентай еңлік әр 4 сағат сайын сиырдың сүтін ішіп, секіріп жүр. Адамдарға да бой үйретіп, келімді- кетімді  кісі қолынан тамақ ішетін болған. Келушілер де оны қызықтап, бірге суретке түседі. 

Дмитрий Бутенко, «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ аңшысы:

- Ол жануарлар әлемінде тірі қалмас еді. Өйткені, өте кішкентай. Оған енесінің сүті керек. Ал, мына жерде бәрі де қарайласады. Күн сайын сүт әкелеміз. Тұрғындар да көмек көрсетіп жатыр.