Елорда әкімдігі жанындағы 21 консультативтік-кеңесші орган жұмысын жалғастырады. Қысқарту жұмысы мемлекеттік органдардың қызметін бюрократиясыздандыру мақсатында жүзеге асырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
2022 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» № 872 Жарлығымен Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (ККО) санын екі есеге қысқарту тапсырылды.
Жоғарыда аталған тапсырма аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрақты жұмыс істейтін 51 ККО-ға аудит жүргізді. Нәтижесінде оларды оңтайландыру және қысқарту туралы шешім қабылданды. Осылайша, бүгінгі таңда 21 консультативтік-кеңесші орган жұмысын жалғастырады.