Жер қойнауын пайдалану контрактілері жария болуын міндеттейтін заң қажет

Әлихан Байменов жер қойнауын пайдаланушыларға берілетін жеңілдіктерге ревизия жасау керек екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Ұлттық құрылтай мүшесі, мемлекет қайраткері Әлихан Бәйменов осылай деді. Ол жер қойнауын пайдаланушыларға берілетін жеңілдіктерге ревизия жасауды ұсынды. Яғни Үкімет осы күнге дейін беріліп келген салықтық, кедендік, басқа жеңілдіктерге ревизия жасап қана қоймай, арнайы комиссия қайта шешім қабылдағанша, олардың берілуін тоқтата тұру қажеттігін айтты. Сондай-ақ ол референдум арқылы жер мен жер қойнауының иесі халық деп бекітілгенін еске салды.