476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордадан көктемде 255 бозбала әскерге шақырылды

  • 168
  • UPD: 10:44, 17.06.2022
Қызылордадан көктемде 255 бозбала әскерге шақырылды

Көктемде Қызылордадан 255 бозбала әскерге шақырылса, оның тек 139-ы  сарбаздар қатарына қосылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жігіттер шақырту қағазын алғаннан кейін медициналық комиссиядан өтуі тиіс. Алайда әскерге шақырылғандардың көбі келмейде екен. Ата-аналар да баласын жіберуге құлықсыз.  Себебі, Қарулы күштер қатарында болып жатқан келеңсіз жағдайларға алаңдайды. Жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері, полицейлер мен прокурорлар әскерден жалтарып жүргендерді өздері іздейді. Олардың үйіне, оқу орнына барып, әскери қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы түсіндірді.  

Айдар Әділов, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Әскерден жалтарған үшін түрлі жауапкершіліктер көзделген. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 387-бабының 1-бөліміне сәйкесәскери қызметтен жалтарғаны үшін 1000 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе бір жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Хабар 24 телеарнасы