Павлодардағы олимпиадалық резервтер мектебі қолдауға зәру

Спорт мектебіне балалар бес жастан бастап  қабылданады. Жұпыны залда жаттығатын гимнастшы қыздар  республикалық жарысқа  облыс  намасын қорғауға аттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жабдықтар ескі, бірақ  балалардың өміріне қауіп төндірмейді дейді мұндағылар.

Айтуған Әйткенов, №1 Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтер мектебінің басшысы:   

- Техникалық күтім жасалып тұрады. Әрине жаңа жабдықтар алғымыз-ақ келеді. Бірақ біздің ғимаратымыз  өте ескі. Сондықтан заманауи спорт құрылғыларын қоятындай мүмкіндік жоқ.

Жарты ғасырдан астам  тарихы бар көне мектеп даңқты спортшыларды тәрбиелеп шығарған. Павлодардың гимнастшылары еліміз бойынша үздік үштікке кіреді. Бүгінгі күні олимпиадалық резервтер мектебіне спортқа бейім 1,5 мың бала барады. Араға 28 жыл салып қыздарға арналған  спорттық гимнастика залы қайда жанданды. Олардың шеберлігін шыңдау үшін елімізге  танымал жаттықтырушылар шақырылды.

Ирина Гнушкова,  Павлодар облысы бойынша Гимнастика федерациясының төрағасы:

- Спорттық гимнастика олимпиадалық спорт түрлеріне жатады.  Сондықтан жаттықтырушылар құрамын арттырып,  оқушылардың санын көбейткіміз келеді.  Ол үшін жаңа спорт залы керек.

Жаңа спорт жабдықтарын жаңартуға тапсырыс беріліпті.  Жоспарды жүгезе асыруға пандемия кедергі  келтірген.  

Айтуған Әйткенов, №1 Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтер мектебінің басшысы:   

- Біз спорт залдарының заман талабына сай болғанын қалаймыз. Жаттықтырушылар  мұндай қарқынмен алысқа ұзай  алмайтынымызды айтып, үнемі жаңа құрылғыларды талап етеді. Ата-аналардың  да шағымы орынды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Спорттық гимнастика залында 22 қыз бала жаттығады. Жасөспірімдер арасында бекзат өнерге  қызығушылық өте жоғары.  Бірақ    бәрін бірдей қамтуға  мүмкіндік жоқ. Спорттық снарядтар тапшы. Мектептің де   әлеуеті жетпейді. Қарапайым тілмен айтсақ,  жыртықты жамап күй кешуде. Қолдан келер қайран жоқ. Бәрі қаржыға келіп тіреледі.

Олимпиадалық резервтер мектебі  2019 жылы қалалық  бюджеттен  облысқа көшіріліпті. Ғимараттарға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, акробатикалық залға арнайы кілем алынған. Мектеп басшылығы оң өзгерістер гимнастика залына да жетіп қалар, - деп келешекке үміт артады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат