Ауыз су мұнайдан да қымбат бола ма?

Қазақстанда 1500-ден астам елді мекен таза ауыз суға зәру. 544 мың тұрғын әлі күнге дейін тіршілік нәріне жарымай отыр. Бұл аздай гидротехникалық құрылғылардың 90% тозған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселені шешу үшін су кодексін қабылдау көзделіп отыр. Бүгін бұл мәселе Мәжілісте қаралды. Депутат Еділ Жаңбыршин тығырықтан шығу үшін су мәселесімен айналысатын министрлік құруды ұсынды. Өйткені ахуал көңіл көншітпейді.

БҰҰ есебінше, 2030 жылға қарай әлемде су тапшылығы 40% жетуі мүмкін. Тіпті, су қара алтыннан да қымбат болады деген болжам бар.