Орал тұрғыны әкімдікті сотқа беріп, жеңіп шықты

Орал тұрғыны әкімдіктен моральдік өтемақы өндіріп алды. Ол қаладағы нөмірі үшінші емхананың қызметіне наразылық білдіріп облыс әкімдігіне арызданады. Бірақ атқарушы орган тарапынан еш жауап болмаған. Шенділердің әрекеті шымбайына батып, әділдік іздеген тұрғын ақыры сотқа жүгінген.

Нұргүл Қанатбаева, БҚО сотының баспасөз хатшысы:

- 2022 жылдың 13 маусымдағы Орал қаласының №2 сотының шешімімен Н.-нің БҚО әкіміне талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, 100 000 теңге моральдік зиян өндірілді.