Елімізде заңсыз балық аулағандарға жаза қатайтылады

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларға 9 миллионға жуық айыппұл салынды.

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Аян Бахияновтың айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық едәуір азайған. Биыл 640 адам жауапкершілікке тартылды. Дегенмен, экология министрлігі заңсыз балық аулау үшін жаза өте жұмсақ деп санайды. Алдағы уақытта айыппұлды 50 АЕК-ке дейін арттыру, егер қайта заң бұзса әкімшілік қамауға алу керек екенін айтты.