Елордада «Алтын шипагер» медициналық премиясы табысталды

Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған шараға Денсаулық сақтау министрлігі ұйытқы болды.

Дәстүрлі жиында үздік мекемелер мен дәрігерлер бірнеше аталым бойынша марапатталды. Олардың ішінде Үздік қалалық стационар, үздік аудандық аурухана, үздік жедел жәрдем станциясы және үздік жоғары және орта арнаулы оқу орындарына дейін бар.

Айта кеткен жөн, елде жалпы 267 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Оның ішінде 78 мыңы дәрігер. 10 мың адамға шаққанда 40 дәрігерден және 98 орта санаттағы медицина қызметкерінен келеді.

Азат Сәтжанов, Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Өзіміздің өңірге келсек бізде тек қана өз өңірімізден емделіп ғана қоймай, Қырғызстан, Өзбекстаннан да науқастар келіп ем ала алады. Біздегі алға қарай басу дегеніміз ол жай ғана операциялар ғана жүргізіліп жатқан жоқ. Күрделі оталар да жасалады. Мысалы, омыртқа бағанасының қисаюына оталар жасалады. Одан кейін сал ауруына шалдыққан балаларға да күрделі оталар жасалады.