478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан қаласында халықаралық жастар форумы өтті

  • 205
  • UPD: 07:55, 18.06.2022
Түркістан қаласында халықаралық жастар форумы өтті

Алқалы жиын облыстық жастар орталығы жаңа ғимаратының ашылу рәсімімен басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздің белсенді, өнерлі, жаңа технологиялардың тілін терең меңгерген жастарымен қатар, көрші Өзбекстаннан келген делегаттар да қатысты. Үш жүзге жуық жастың басын қосқан жиында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалды. Әсіресе қатысушылар білім, этносаралық қатынас, экология, қаржылық сауаттылық, еңбек идеологиясы және отансүйгіштік тақырыбында панельдік сессияларға бөлініп, жастар арасындағы ауқымды мәселелерді жан-жақты талқылады.

Арайлым Абдуалиева, форумға қатысушы:

– Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Секциялы жұмыстар өткелі жатыр. Секциялы жұмыста ауқымды тақырыптар, қоғамда жастарға қажет тақырыптар қойғаймыз. Жалпы форум өте жақсы, бізді Түркістан жастары жақсы қарсы алды. Шақырғандарыңызға рахмет айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы