476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда екі мыңнан астам студент еңбекке тартылды

  • 210
  • UPD: 08:33, 18.06.2022

Ертіс өңірінде жастардың еңбек жасақтары жұмысқа кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Студенттер әлеуметтік нысандардың аумағын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын қалыпқа келтіру сияқты жұмыстарды атқарады. Осылайша жүздеген қыз-жігіт еңбек етіп, жаз мезгілінде бос уақытын тиімді өткізбек.

Меруерт Оразбаева – мемлекеттік педагоигкалық университеттің екінші курс студенті. Болашақ химик-биолог ата-анасына ауыртпалық түсірмеу үшін каникул кезінде жұмысқа орналасуға ниеттенген. Студент құрылыс жасағының құрамынан табылды.

Меруерт Оразбаева, құрылыс жасағының мүшесі:

Өзім ақылы бөлімде оқимын. Шәкіртақы алмаймын. Сондықтан екі ай бойы құрылыс жасағында жұмыс істеуді ұйғардым. Қазір жатақханамызды жөндеп жатырмыз. Бөлмелерді сырлап, әктейміз. Отряд жасағы жақсы. Ұйымшылмыз.

Қыздар жатақхана бөлмелерін тазартып, әктеумен айналысса, жігіттер ғимараттың аумағын абаттандыруға кіріскен. Екі ай көлемінде 550 орындық нысанда жұмыс істейді. Жалақы 60 мың теңге. Оған қоса, еңбек маусымы кезінде өз жатақханаларында тегін тұрады.

Райлым Сүндет, құрылыс жасағының командирі:

– Студенттердің барлығы 1-2 курс студенттері. Олардың барлығына қосымша ақша табу, бос уақыттарын бос өткізбей, осындай қосымша жұмыспен айналысады және университеттің ішіндегі жұмыстарды белсене, өздерінің жұмыстары жоғары көңіл-күймен басталады. Себебі өзімен жасты балалар. Студерттен болғандықтан, жұмыс қызу өтеді.

Кезекті еңбек науқаны аясында 120 желілік отряд құрылды. Құрылыс, экологиялық, абаттандыру жасақтарына деген сұраныс жоғары болғаны соншалық, іріктеу жүргізуге тура келген.

Русана Самекова, «Жасыл ел» аймақтық штабының командирі:

– Еңбек жасақтары барлық қала-ауданда құрылды. 29 жасқа дейінгі азаматтар абаттандыру, құрылыс, экология, волонтерлік, педагогикалық, шығармашылық бағыттар бойынша еңбек етеді. Бұдан бөлек облыс орталығын көгалдандыру үшін бірнеше отряд құрылды.

«Жасыл ел» жасақтарының 18 маусымы аясында 2200 қыз-жігіт екі қолға бір күрек тапты. Аймақтық штаб жыл сайын елімізде үздіктердің  қатарынан көрінуде.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат

Хабар 24 телеарнасы