Елордада «Family Steam Challenge – 2022» жеңімпазы анықталады

Бас шаһарда «Family Steam Challenge - 2022» байқауының ақтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар жылына орай ұйымдастырылған жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Республикалық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 400 ден аса отбасы қатысты. Байқаудың екінші кезеңіне 16 отбасы іріктелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаз атанғандар 500 мың теңге ақшалай сыйлық алады.

Рахымбек Жолаев, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– «Steam Lab»бойынша жасап шығады. Ағаш пен желімнен көпір жасау керек. Қай отбасының көпірі мықты, ауыр салмақ көтерсе, сол жеңімпаз болады. Бұл енді Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Бұлоқу жобасы. Яғни балаларға техникалық білімді насихаттау.