Елордада Ұлттық қорғаныс университеті магистранттары оқуды аяқтады

Әскери жоғары оқу орнының түлектеріне диплом тапсыру салтанаты Отан қорғаушылар алаңында өтті,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 145 офицер оқуды бітіріп шықты. Тыңдаушылар магистратураның тоғыз мамандығы бойынша және жиырма жеті кафедрада білім алды. Түлектерге дипломды Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов табыстады.