Республика күнін қайтару – өткен тарихымызға құрмет

Президент Ұлытауда өткен Құрылтайдың алғашқы отырысында 25 қазан Республика күнін атап өтуді ұсынды. Осылайша Қазақстан күнтізбесінде маңызды дата ұлттық мереке қайтарылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болғанын айтты. Сондықтан республика күні елдіміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы іспеттес. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші роль атқарды. 

Әлбетте Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Алайда Республика күнін қайтарудың маңыздылығы ерекше дейді сарапшы.

Ұлт ұясы Ұлытауда айтылған бастама қоғам тарапынан қызу қолдау тапты. Өйткені республика күнін қайтару - өткен тарихымызға құрмет. Мемлекет іргесін қалаған маңызды қадамның символы.