Алакөлге күніне сегіз рет ұшақ қатынайды

Нұр Сұлтан – Үшарал, Алматы – Үшарал, Талдықорған – Үшарал, Алматы – Үшарал – Зайсан бағытындағы әуе рейстері шілде айының 10-нан бастап ұшады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір әуежайдың ұшу-қону алаңы жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеуден кейін әуежай Boeing әуе кемелерін де қабылдай алады. Осылайша Алакөлге күніне 500 адамның әуе жолдары арқылы келуіне мүмкіндік жасалып отыр. Чартерлік және одан өзге де жекелеген рейстерді қоса есептесек, жазғы шомылу маусымы кезінде Үшаралға қатынайтын әуе рейстерінің саны еселеп артады. Облыс билігі Алакөлдің инфрақұрылымын дамытуға айрықша басымдық берілетінін айтты.