«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынында болған апатқа байланысты екі адам қамауға алынды

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта болған апатқа қатысты екі адам қамауға алынды.

Аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

"Құрылыс кезінде  қауіпсіздік талабын ескермей, абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкелу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Еске сала кетейік, 10 маусым күні комбинаттағы цехтардың бірінде жұмысшылардың үстіне ескі пеш құлады. Үйінді астында қалған 5 адамның төртеуі сол жерде мерт болады. Бірі ауыр  қалде ауруханаға түскен болатын.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- Қылмыстық істі тергеу барысында мекеме жұмысшылары сонымен қатар өндіріс кезінде қауіпсіздік шараларына жауапты тұлғалардан жауап алынды. Жинақталған материалдардың негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 277-бабына сай қауіпсіздік шараларына жауапты 2 басшы ұсталды. 2022 жылдың 19 маусымы күні Теміртау қаласының тергеу сотымен күдіктілерге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды.