loader


ШҚО кәсіпорындары жазатайым оқиғаны жасыруға тырысады

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда кейінгі 4 жылда 688 жазатайым оқиға тіркеліпті.

Оның 174-і, яғни төрттен бірі тау-кен саласында болған. Ең сорақысы, баяғы жартас, сол жартас күйінде қалып отыр. Жұмыста жүріп опат болғандар саны азаймай тұр. Былтыр 23, ал жыл басынан бері 6 адам көз жұмған. Көбіне жұмыс берушілер жауырды жаба тоқып, болған жағдайды жасыруға тырысқан.

Жандос Қоңыров, облыстық прокуратура басқармасының басшысы:

- Біздің жүргізген талдаулар аясында өндірістік оқыс оқиғалардың жасырын 16 дерегі анықталды. Бұл деректер бойынша еңбек инспекцияларына ешкім хабарламаған. Жұмыскерлер бұл жағдайларды хабарламауы себепті еңбек инспекциясы тарапынан нақты шаралар қабылданбайды. Ең соңында жұмысшының өзі зардап шегуші болып шығады.

Сондай-ақ...