Елордада 500-ге жуық адам йогадан шеберлік сағатына қатысты

Бүгін әлем елдері халықаралық йога күнін атап өтуде. Қазақстандықтар да бұл шарадан қалыс қалмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордалық йога әуесқойлары таңсәріден Астана опера театрының маңында жиналып, түрлі жаттығулар жасады. 500-ге жуық адам йога мамандары ұйымдастырған шеберлік сағаттарына қатысуға мүмкіндік алды. Үндістан елшілігі ұйымдастырған шара халықтың көңілінен шықты.

Айта ктерлігі, бұл күнді халықаралық деңгейде атап өтуді 2014 жылы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди ұсынған. Біріккен ұлттар ұйымына кіретін әлемнің 175 елі осы ұсынысты қолдап, 2015 жылдан бері бұл мереке жыл сайын тойланып жатыр.

Шубхдаршини Трипати, Үндістанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Қазақстанда йогамен айналысатын адамдардың көп екенін көріп отырмыз. Йога біздің еліміздің мәдениаралық байланыстарын нығайтуға сүбелі үлес қосып отыр. Бұл техника адамға денесін шынықтырып, сауығуға көмсектеседі. Сол себепті қазақстандықтар арасында йогаға деген қызығушылықтың туындауы мені таң қалдырмайды.