Жемқорлық бизнеске тұсау болмауы тиіс – мамандар

Бүгін Алматыда мамандар осы мәселені жан-жақты талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала барлық бағытқа қатынайтын ірі логистикалық орталық. Саудаланатын тауарлар түгелдей Алматы арқылы өтеді. Сондықтан кедендік бақылау әдістерін жетілдіріп, сыртқы экономикалық қызметке қолайлы жағдай жасау керек дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер. Кәсіпкерлер мемлекеттік органдарға ұсыныстарын айтып, тиісті кедендік рәсімдерді жеделдету туралы келісімге қол жеткізілді.

Қанат Сәлімбаев, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі:

- Проблема себептерінің бірі – кеденнен өту барысында қызметкерлердің санына аз болуына байланысты, тауарларды тексеру барысында көп ұзаққа созылу жағдайлары бар. Сол себептен бүгінгі шараның қортындысы бойынша сол қызметкерлердің санын көбейтетін шешім қабылданды. Сонымен қатар кеденнен өту барысында екі ауысым бойынша жұмыс істеледі.