Павлодарда бір мың мүгедек жанның құқығы бұзылған

Ертіс өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген 13 млн теңгені жымқыру дерегі тіркелді.

Прокурорлық тексеріс кезінде мүгедектерді емдеу және керек-жарақтармен қамту бойынша олқылықтар анықталды.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, мыңнан астам кемтар жан әлеуметтік қызметтер мен арнайы құрылғылардан қағылған. Оларға арба, есту құралдары берілмеген. Ал жеке көмекшілер қызметін тек қағаз жүзінде атқарған.  Әлеуметтік-медициналық мекемелерде тұратын адамдар мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен тамақтандырылған. 600-ден астам нысанда пандустар мен көтергіштер талапқа сәйкес болмай шықты. Ең сорақысы, бұл фактілер мемлекеттік әлеуметтік мекемелерде анықталған.

Асхат Кокумбаев, облыстық прокуратураның қоғамдық қызығушылықтарды қорғау басқармасының бастығы:

- Медициналық-әлеуметтік нысандардың бірінде санитарлар мүгедектерді ұрып соғып, қатыгездік көрсеткен. Бұны бейнебақылау камераларының материалдары дәлелдейді. Мекеме қызметкері науқастың қолын бұраған. Сонымен қатар мүгедектерге мерзімі таусылған дәрі-дәрмектер берілген. Тексеріс соңғы 2,5 жылдық мерзім бойынша жүргізілді.

Сондай-ақ...