Елорда маңында болған өрт сөндірілді

Бүгін таңғы 06:00 шамасында елорда маңындағы Талдыкөл өзені аумағын шарпыған өрт толық сөндірілді.

Құтқарушылар екі күн бойы жалынды ауыздықтауға күш салған еді. Оған 14 техника мен 100 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Сондай-ақ тікұшақтың көмегімен әуеден 80 тонна су шашылды. Өрт 6 жарым гектар жерге жайылған, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандар жалын тұтануының алдын ала себебі отты абайсыз қолдану екенін айтты.