«Amanat» партиясы 140 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Саяси бірлестік жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының соңғы 2 аптада атқарған жұмыс нәтижесі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті кейбір латифундистердің иелігінде болған жер учаскелерінің жалпы көлемі әлемдегі шағын мемлекеттердің аумағынан да үлкен. Бұл туралы бүгін партиялық комиссия өкілдері баспасөз жиынында айтты. Еліміздегі кейбір шаруашылықтардың жер көлемі 2-3 млн га асады. Бұл Армения, Бельгия және Молдова сияқты елдердің аумағынан көп.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Конституцияның 6-бабы «Қазақстанның жер ресурстары халықтың меншігі» деген бапқа сәйкес, бүгінгі таңда біз енді Қазақстанның жалпы аймақтарындағы бүкіл жер қатынастарын осы Конституцияның аясына алып келуіміз керек. Ол үшін ең бірінші біз инвесторлармен жұмыс істейміз.

Сондай-ақ белсенділер жерді заңсыз иемденген латифундистердің және олармен сыйбайлас болған жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің қитұрқы әрекетін әшкерелемек.

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының хатшысы:

– Тек ауылдық жерлер ғана емес, қалалардың мәселелерді қараймыз. Өйткені қазір тығыз жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары бар. Саябақтардың мәселесі. Оның бәрін толық қарап, қарауымызға аламыз. Өйткені ел біздікі, жер біздікі. Ол жауапкершілік елдің, жердің аманаты біздің мойнымызда және осы мәселелерді толық шешеміз.

Партиялық комиссия құрамы бүгін Түркістан облысына аттанды. Өңірдің 3 ауданындағы 20 мың гектардан астам алқап мемлекет меншігіне қайтарылады. Жыл соңына дейін жалпы 5 млн гектар жерді ел игілігіне беру көзделіп отыр. Оның ішінде 95 проценті жайылымдық жерлер болмақ.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Арман Ақшабаев