Өскеменде тұрғындар «Қазақстан тұрғын үй компаниясынан» 308 млн теңге өндіріп алды

Өскеменде  жаңадан салынған көпқабатты үйдің тұрғындары «Қазақстан тұрғын үй компаниясынан» 308 миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл қаражатқа үйдің кем-кетігін жөндейді. Естеріңізде болса, Бауыржан Момышұлы көшесіндегі баспананың жайы туралы  бір емес, бірнеше рет айтқан болатынбыз.  Төбесінен су сорғалап, қыста құбырлары қатып, күн  өткен сайын тоза бастаған. Бұл аз болғандай қабырғасы сөгіліп, тұрғындардың біразы баспанасын тастап, пәтер жалдап кеткен еді. Тұрғындар ендігі қысты алаңсыз өткіземіз деп үміттенеді. Сот арқылы өндіріп алған ақшаға жөндеу жұмыстарын бастамақ. 

Бақытбек Әміренов, үй тұрғыны:

- Сапасыз салынғаннан кейін үйдің іші қырау болып кететін, тұрғындар қыста  пима киіп шықты, бала шағалар ауырып, мұнда90 процент жастар тұрады, былтыр дүниеге 15 сәби келсе, биыл 27 сәби тосып отырмыз.

Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі:

- Тұрғындар айтқан балалар ойнайтын алаң керек, жарықтандыру жұмыстары керек  деп. Сосын жол мәселесі. Біз де оны шешіп бердік. Осы үйдің мәселесін шешу арқылы тұрғындар мен жергілікті биліктің бірлесе жұмыс істеу керегінің нақты мысалын көрсеттік деп ойлаймын.