Пандемия мен геосаяси ахуал ұйымдарға халықаралық көрмелер өткізуге кедергі келтіріп жатыр

Бұл туралы Парижде Халықаралық көрмелер бюросы делегаттарының бас қосуында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 3 жылда алғаш рет өткен жиында Дубайдағы ЭКСПО қортындыланып, өзге елдердің өтініштері қарастырылды. Енді ауқымды шара 2025 жылы Жапонияның Осако қаласында өтеді. Оған 120 ел қатысуға ниет білдірген. Бірақ экономикалық дағдарыстан келесі жылға жоспарланған Аргентинадағы аралық көрме өтпейтін болды. Дегенмен сарапшылар геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан әлемде ЭКСПО-ны өткізуге құлшыныс артып келе жатқанын айтады. Дерекке қарағанда 2027 жылы ауқымды шараны өткізуге АҚШ, Сербия және Испания елі өтініш білдірген.

Димитрий Керкентзес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы:

- Қазақстан әдеттегідей көп жұмыс атқарып, Дубайда өте әдемі павильон ашты. Соңғы ЭКСПО-ны ұйымдастырған ел ретінде оған көп назар аударылғаны белгілі. Біз өзге де миллиондаған көрермендер сияқты Қазақстан павильонынан елдің үлкен тәжірибе жинағанын және мемлекеттің тұрақты даму мен өзара ынтымақтастық жолымен келе жатқанын байқадық.

Мұрагер Сауранбаев, Халықаралық көрмелер бюросы комитетінің басшысы:

- Әрине енді көрмені өткізіп қойғаннан кейін өзіміздің тәсілдермен бөлісу мемлекеттерге көмектесу біз қуана қуана тәжірибемізбен бөлісеміз. Бірақ шын басында біз де көрмені өткізуге дайындық жұмыстарын бастаған кезде 2010 жылдан бастап Шанхайдағы оған дейнгі Сарагосадағы Еуропаның бұрындары өткізіп жүрген елдерімен тәжірибе алмастық. Олар қалай өткізді қалай дауыс жинады солардың бәрін біз де қастарынан  қаламай тәжірибесін сұрап білдік.

Сондай-ақ...