«Amanat cup» республикалық шахмат турнирі өтті

Елордада республикалық шахмат турнирі өтті. Оған 8 бен 35 жас аралығындағы 200-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысты «Amanat» партиясы алғаш рет ұйымдастырып отыр. Алдағы уақытта дәстүрге айналады деп сендірді. Жарыстың жалпы жүде қоры 5 млн теңгеден асады. «Жастар» категориясы  бойынша бірінші орынды Константин Казаков, екінші орынды Бақтияр Нұғыманов және үшінші орынды Талғат Ғұбайдуллин иеленді. Ал «Балалар» категориясында  Алдияр Аңсат үздік деп танылса, екінші орынды Мадияр Алтынбекұлы және үшінші орынды Әбуәлі Сқақ қанжығасына байлады.