Еліміздің бірқатар өңірінде мұғалімдердің еңбекақысы кешіктірілген

Оқу-ағарту министрлігі жүргізген талдау барысында бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақтылы аударылмағаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вице-министр Ғани Бейсембаев берешектің бір апта ішінде түгел өтелетінін жеткізді. Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен төленеді. «Кешіктірудің басты себебі – қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр» дейді министрлік өкілдері.

 

Сондай-ақ...