Алматыда жеткіншектер ғарыш кемесін құрастыруды үйренеді

Алматылық жеткіншектер ғарыш құрылғыларын жасауды үйренеді. Бүгін мегаполисте аэроғарыштық лагерь жұмысын бастады.

Апталық барысында 12 мен 18 жас аралығындағы 40 жасөспірім мектептегі білімдерін жетілдіріп, жаратылыстану, технология, инженерия және математика салаларына толығырақ тоқталады. Ең бастысы, олар «Hope -281» оқу-әуесқой сыныбының зымыранын өз қолдарымен құрастырады. Сондай-ақ олар электронды конструктор – Arduino платформасында бағдарламалауды үйренеді. Аэроғарыштық лагерді Гонконгтың, АҚШ-тың, Италияның жетекші университеттерінде техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жүргізеді.

Әли Стамбаев, Space Camp авиамодельдеу лагерінің менеджері:

- SPACE CAMP лагерінің негізгі мақсаты ол тегін және де балаларға алдағы технологиялық салалар бойынша робототехника, ракета құрылыс, аваимодельдеу бойынша  сабақтар жүргізуді мақсат қып қойдық. Және де осының негізгі мәні ол балаларға өздері оқу, және өздері білім табу мүмкіндіктерін ұсыну. Яғни ол бірнеше онлайн порталдар, сондай-ақ әртүрлі құрылыс және материал бөлшектерін табатын орындарды үйрену және  кіріспе ретінде негізгі қабілеттерді игеру.