Алматыда БАҚ туралы заң жобасы талқыланды

Алматыда «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұмыс тобына 63 адам кіргенін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында журналистер, құқық қорғау ұйымдарының және кабельді телевидение операторларының өкілдері бар. Жұмыс тобының құрамы жан-жақты болу үшін барлығын қамтуға тырыстық- дейді министр. Әзірге ортақ көзқарас жоқ. Әркімнің жеке пікірі бар. Мысалы бір адам журналист мәртебесін анықтауды жақтаса, енді бірі мұнымен келіспейді. Сондықтан жұмыс тобы да бөлінді. Яғни барлық пікірлер ескерусіз қалмайды. «БАҚ туралы заң  бойынша кез келген адам өз ұсыныстарын министрлік сайтына жібере алады»,- деді Асқар Омаров. 

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Алда бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Ең бастысы ашықтық бар. Бүгін жұмыс тобы алғашқы отырысын онлайн режимінде өткізді. Әріптестердің пікірлері алуан түрлі болғандықтан бір-бірімен жүздесу арқылы ортақ көзқарас туындайды деген  ойдамын.