Өскеменде Қазақстан полициясы 30 жылдығына орай жиын өтті

Салтанатты жиынға  ішкі істер органында еңбек етіп жүрген жас мамандардан бастап,ардагерлер, сонымен қатар  қызмет барысында  көз жұмған азаматтардың отбасылары да қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда  осы салада өздерін үздік көрсете білгендерге құрмет көрсетілсе, кейбіреулеріне «мерзімінен бұрын»  шен берілді. Қиын кезде қорған бола білген полицияның қоғам үшін орны қашан да айырықша.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Биыл Қазақстан полициясына 30 жылдығы аталып өтуде. Бұл тәуелсіздігіміздің даму тарихымен тікелей байланысты.сіздер қоғамдық тәртіп пен азаматық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін абыройлы еңбек етіп келесіздер.Халық сенімі-полиция қызметіне берілетін басты баға.

Бұл күні айтулы мерекеге орай облыс әкімі 30 полиция қызметкеріне пәтер кілтін  табыстады. Солардың бірі –жалғызбасты ана Назгүл Жұмақан. Бұл қамқорлық отбасым үшін үлкен көмек дейді ол.

Назгүл Жұмақан, ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:

- Бұл маған күтпеген жағдай болды,қанша дегенмен аяқ астынан болған қуанышты жаңалықтың бірі болды деп айтқым келеді,ата анаммен бірге тұрамын,отбасыда 7 адам тұрамыз.

Еңбекақының өсуі, әлеуметтік қолдау,материалдық базаның күшейтіліп,қағазбастылықтың жойылуы,сервистік әдіске көшу әсіресе жас мамандарға үлкен серпіліс беруде.

Ерхат Шалқыбаев, ШҚО Полиция департаменті Кадр саясаты жөніндегі басқарма басшысы:

- Қазіргі таңда  жас мамандарымыз біздің, қызығушылықтары артып жатыр, Өйткені жалақының өсуі, жалақымен қоса жалдамалы пәтер беру үй мәселесі соның бәрі  көтеріліп,тек жақсы жағынан көмектер болып жатыр.

Мерейтойлы датаға орай  Департамент басшылығы тарапынан 508 қызметкер марапатталды. Жиын соңы   концерттік бағдарламаға ұласты.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин