Елордада «Әскери керней» фестивалі өтті

Сайысқа Ұлттық Ұланның Орталық, Батыс, Шығыс және Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 4 құрамасы мен Петропавл қаласындағы әскери академияның оркестрі қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кеткен жөн, 3 күн бұрын басталған бұл іс-шара осымен 9-шы мәрте ұйымдастырылды. Жеңімпаз команда қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды. Алдағы уақытта үздіктер құрамасын халықаралық жарыстарға апару көзделіп отыр.