Е. Тоғжанов БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтады

Журналистика – жүгі ауыр мамандық. Әсіресе, жаһандық геосаяси жағдайда арқалаған жүктемесі көп, жауапкершілігі мол сала. Соңғы екі жылда болған пандемия кезінде де алдыңғы шепте жүрген осы журналистер болатын. Осылай деген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекшеленген қызметкерлерге алғыс хат табыстады.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Соңғы екі жыл ашығын айтқанда ауыр жылдар болды. Бүкіл елге, Қазақстан халқына, жалпы дүние жүзіне үлкен сын болды. Сол сыннан еліміз аман шықты.  Сөз жоқ. Мына қиындықтан шығуға тікелей әсер тигізген және алдыңғы шепте тұрған азаматтардың бірі -журналистер.

Сондай-ақ...