Биыл «Атырау» қоғамдық-саяси газеті 100 жылдық мерейтойын атап өтеді

Биыл «Атырау» қоғамдық-саяси газеті 100 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Төл мереке қарсаңында редакцияның бұрынғы ғимаратына орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. 1922 жылы алғаш рет қазақ тілінде «Ерік» деген атпен жарыққа шыққан газет кейін «Жем жұмысшылары», «Социалды құрылыс», «Коммунистік еңбек» деген атпен 100 жыл бойы оқырманмен байланыста болды. Осы жылдарда қазақ журналисткасының атасы Тауман Амандосов, белгілі ақындар Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Меңдекеш Сатыбалдиев, қазақ қара сөзінің сардары Әбіш Кекілбаев сынды талай тұлғалар ұжымда еңбек еткен. 

Назарбек Қосшиев, облыстық "Атырау" газетінің бас редакторы:

- Біздің осы жерге мемориалды тақтаны орнатудағы мақсат Атырау деген атты қайтадан тарихқа оралту. Себебі қазіргі Атырау облысы Атырау қаласы деген атаулар ең бірінші осы «Атырау» газеті редакциясынан шыққан болатын. 1990 жылы газетке Атырау деген ат берілді. Сонан кейін барып, қаланың, кейін облыстың атауы өзгеріп, Атырау деген атқа мәңігілікке ие болдық.