«Хабар 24» арнасының жүргізушісі Президенттің БАҚ саласындағы грантына ие болды

Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің үздік журналистері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Президент атынан берілген сыйлықты Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева табыстап, тілшілер қауымына қалтқысыз қызмет үшін алғыс айтты. Сонымен биылғы Президенттің бұқаралық ақпарат саласындағы сыйлығы 4 адамға беріліп, тағы 4 адамға грант табысталды. Сондай-ақ бірқатар шығармашылық ұжымға мемлекет басшысының алғыс хаты берілді. Марапат төрінен көрінгендердің арасында арнамыздың жүргізушісі Ануарбек Жалелұлы да бар. Әріптесімізге мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап көрсеткені үшін грант табысталды.

Ануарбек Бірімжанов, "Хабар 24" арнасының жаңалықтар жүргізушісі:

- Мемлекет басшысының жалғыз маған ғана емес, Хабар агенттігі ұжымының атына берілген марапат деп ойлаймын. Неге? Өйткені қазақта сөз бар «жалғыздың шағы шықпас» деген. Әлбетте ұжымның күшімен осындай бір белгілі көлемде ақпарат саласына үлес қосып жатсақ өзіміздің еңбегіміздің еленгені.