Балқаш қаласындағы өндіріс ошақтарынан жылына 70 мың тонна зиянды зат бөлінеді

Балқаш қаласындағы өндіріс ошақтарынан жылына шамамен 70 мың тонна зиянды зат ауаға тарайды.Оның 56 мың тоннасы мыс қорыту зауытынан шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда Экология департаментінің мәліметінше, бұл қалыпты жағдай, рұқсат етілген межеден аспайды екен. Кәсіпорын басшылығы 2025 жылға дейін зиянды қалдықтар мөлшерін 70 процентке азайтуды көздеп отыр. Себебі келер жылдан бастап өндіріс ошақтарынан бөлінетін қалдық мөлшері күн сайын автоматты түрде анықталатын болады.

Ербол Айбеков, Мыс қорыту зауытының директоры:

- Күкірт қышқыл цехын саламыз. Толық газдың барлығын күкірт қышқылын шығару арқылы өңдейтін боламыз. Газдың барлығын 100 пайыз алатын боламыз, ауаға ештеңе кетпейтін болады.

Қанат Мұсапарбеков, Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің басшысы:

- 2023 жылдан бастап өндіріс ошақтарынан бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшері күн сайын автоматты түрде мемлекеттік органдарға жіберіліп отырады. Ол ақпаратты ешкім өзгерте алмайды. Биылдан қалмай еліміздегі барлық кәсіпорындар арнайы құрылғы орнатуы тиіс.

Сондай-ақ...