1700 MBт «жасыл» энергия аукционда сатылды

Қазақстанда жаңартылған қуат көзін аукциондық сатып алу әдісі кең қолданылып келеді. Жүйе пайда болған 4 жылда 1700 мегават энергия мөлшері электронды сауда алаңына шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аукционға әлемнің 12 мемлекетінен 200-дей компания қатысты. Жүйенің тиімділігі «жасыл» қуат көзіне шекті баға жоқ. Бастапқы соманы бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік бар. Әрі бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолы кесіледі. Осы әдісті Қазақстаннан кейін алыс-жақын көршілер де қолдана бастады. Өзбекстан энергия қажеттілігінің 1-2 процентін күн және жел станцияларынан алса, елімізде бұл көрсеткіш 3 процентке тең. 2030 жылға қарай 15 проценттік деңгейге жеткізу міндеті тұр. Энергетика министрлігі аукциондық сатып алу шараларына Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттерін де шақырып отыр.

Мұрат Жүребаев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Халықаралық аукциондар өткізіп жатырмыз. 12 елден қатысып жатыр. Нидерланд, Қытай, Малайзия, Эмират дегендей. Қазір 1700 мегаватқа аукцион өткіздік. Cоның 1200 мегаваты іске қосылды. Ендігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 15 процентке жеткізу керек.

 

 

Сондай-ақ...