476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Miras» қоғамдық кеңесі өтті

  • 154
  • UPD: 22:59, 27.06.2022

Ұлттық Құрылтай – дала демократиясының жарқын көрінісі. «AMANAT» партиясының «Miras» қоғамдық кеңесіне жиналғандар осылай деді. Қоғамдық кеңес аясында Ұлттық құрылтайдың мақсаты мен міндеті талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар, құрылтай халық өкілдерінің арасынан жиналғандықтан, халықтың сөзін айтатын биік мінбер болатынына сенім білдірді.

Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Құрылтай – ата-бабамыздан келе жатқан аса маңызды шешім қабылдайтын ұлық жиын. Ол – дала демократиясының жарқын көрінісі. Біз ата-баба аманатын арқалап, жолын жалғап, көне дәстүрді жаңғырттық. Арада ғасырлар өтсе де, мақсатымыз – ортақ – бірлікті бекем етіп, алқалы жиында ұлтымыздың болашағын айқындайтын шешімдер қабылдау.

Хабар 24 телеарнасы