476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте қаланың бас жоспарының жаңа нұсқасы таныстырылды

  • 219
  • UPD: 23:00, 27.06.2022

Себебі қазіргі жоспардың қолданыс мерзімі аяқталуға таяу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан қаланың болашақта даму бағытын бүгіннен нақтылап алу маңызды. 

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Бас жоспар ең бастысы инженерлік инфрақұрылым, қуаттылық, жолдар, болашақта перспективасымен айтылатын мәселе. кейін архитекторлар отырып, соған жүгініп, бүгінгі күнде ертең олар проект детально проектирование деген бар, соған қарап, болашақта ұсыныс беріп отырады.

Бас жоспар жобасы 2035 жылы Шымкент қаласының тұрғындары екі миллионға дейін жетеді деген есеппен жасалған. Осыған сәйкес құрылыс ауқымы да анықталды. Шамамен 31 млн шаршы метр  тұрғын үй салу көзделіп отыр.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары: 

- Шымкент қаласының бас жоспары бұған дейін 2012 жылы бекітілген болатын.  Ол кездегі аумағы қазіргі аумақтан едәуір кішкентай болатын. 47 мың гектар. Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағы мынау Қазақстандағы ең үлкен қала болып есептеледі. 117 мың гектар. 

Жобаны әзірлеушілер Шымкентті шет аумақсыз, көп орталықты қалаға айналдыруды көздейді. Еліміздегі үшінші мегаполисті зерттеп, жоспарын дайындауға Киев, Минск, Санкт-Петербор қаларының кәсіби сәулетші мамандар да қатысып отыр. 

Нұрбек Аужанов, «Grad комплекс» ЖШС директоры:

- Негізгі тірек жоспар мұқият дайындалды. Болашағы өте зор. Себебі қаланың сейсмикалық жағдайы төмен. Климаты қолайлы. Бұл маңызды жәйт.

Тұрғындардың ұсыныс пікірлері жазбаша қабылданады. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында ашылған бас жоспар көрмесіне күніне он шақты адам келіп танысуда.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Катерина Попкова, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы