Мемлекеттік қызметтердің 93% онлайн түрде қолжетімді – Бағдат Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

EGov Mobile мобильдік қосымшасында электроднық қызметтерді пайдалану екі есе өскен. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдар есептер санын 20%-ға азайтуды жоспарлап отыр.

Google-мен бірлесіп Silkway accelerator бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан аталған бағдарлама бойынша Орталық Азия елдері үшін негізгі серіктес болып анықталды. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маман даярлау міндетін қойды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 22 мыңнан астам IТ-маман дайындалды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектебі ашылды. Осы жылы жаңа 4 мектеп ашылады.