Мемлекеттік органдар ақпаратты дұрыс бермейді – Министр Омаров

Мемлекеттік органдар ақпаратты дұрыс әрі уақытылы бермейді.

Осының кесірінен елде фэйк-мәліметтер тарайды яки бұқара маңызды мәселелерден хабарсыз болып жатады. Ақпарат және қоғамды дамыту министрі үкімет отырысында осы жайтқа тоқталды.

Асқар Омаровтың айтуынша, қоғамда кеңінен түсіндірілуі тиіс мәселелерге келгенде, мемлекеттік органдар кешеуілдеп жатады немесе ақпаратты аз береді. Сосын олар ұсынған спикерлер де көп жағдайда өткір сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды.      

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Біріншіден, мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттың аз берілуі. Екінші, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ БАҚ-тың ресми сауалдары мен сұраныстарына берілетін жауаптарда толық ақпараттың болмауы. Үшіншіден, БАҚ-та туындаған мәселелерді түсіндіру бойынша біліктілігі төмен спикерлерді ұсыну. Ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, аталған факторларды мемлекеттік органдардың жұмысында ескеру қажет.