Атырауда құстар қырылып жатыр

Атырауда 17 маусым күні Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен алаңы маңайынан және  «Ақжайық» табиғи резерваты аумағынан «қарабас шағаланың» 1000-ға тарта өлексесі табылды.

Ал бүгін оның саны 5 мыңнан асты.  Бір таңқаларлығы, өліп жатқан тек шағалалар екен. Басқа құстардан қандай да бір ауру белгілері анықталмапты. Осыған орай елордадан арнайы орнитолог мамандар шақырылды. Өлген шағалалардан сынама алынып, зертханаға жіберілді.