Қаржы пирамидалары туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін сенаторлар қаржы пирамидалары туралы заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады. Құжатқа сәйкес енді мұндай ұйымдарды жарнамалайтындар қылмыстық тауапқа тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пирамиданы ұйымдастырғандар да қатаң жазаланады.

Айтар кетерлігі, биыл бүкіл Қазақстан бойынша 17 мың адам алаяқтарға сеніп, ақшасын инвестициялаған. Салдарынан олар 27 миллиард теңгеден айырылды. Былтыр елде 180 қаржы пирамидасы тіркелсе, осы жылы мұндай бірлестіктердің саны 225-ке жетті. Барлығы 158 адам қылмыстық жауапқа тартылып, 53 адам сотталды.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қаржы пирамидаларын жарнамалаған азаматтарға қатысты істермен ішкі істер органдары және экономикалық тергеулер қызметі айналысады. Осы құжат күшіне енгенде, бірқатар кодекс пен заң өзгертіледі. Оның арасында жарнама туралы заң да бар. Біздің ойымызша, жаңа құжат қаржы пирамидаларын ұйымдастырудың алдын алып, оларды жарнамалауға ниеттілерге тосқауыл қояды.