Қазақ және түрік журналистеріне ортақ жобалар аясы кеңейе түспек

Ортақ жобаларды іске асыру үшін Түркітілдес журналистер қоры Анталья журналистер одағымен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Журналистер мерекесіне орай Антальяда ортақ жобалар бойынша ынтымақтастық жасалды. Меморандум аясында түркі әлемі медиасының кәсіби бірлігін арттыра отырып, алдағы уақытта медиа, мәдени, әлеуметтік, спорт саласындағы ынтымақтастық жобаларды арттыру көзделген. Анталья журналистер одағының төрағасы Idris Taş алдағы уақытта қазақ және түрік журналистерінің мүддесіне арналған ортақ жобалардың аясы кеңейе түсетініне ризашылығын білдірді. Журналистердің халықаралық деңгейде біліктілігін арттыратын мұндай жобалардың маңызы зор.