Журналистердің сыйлығы тәуелсіз болуы керек – Еркін Байғабылұлы

«Күн тәртібі» тікелей эфиріне қатысқан журналист Еркін Байғабылұлы тілші сауалына осылай жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еркін Байғабылұлы, журналист:

– Кез келген шығармашылық адамға стимул беретін сыйлықтар болу керек. Бірақ сыйлықтың да сыйлығы бар демей ме? Әсіресе биыл байқағаным сол марапат алғандардың ішінде телевизия саласында жүрген журналистер көп. Енді біз қазір әділетті Қазақстанды құрып жатқан мемлекет болғандықтан, бұл арада әртүрлі телеграм каналдар, белгілі, танымал блогерлер, баспа, радио саласында өзекті мәселені көтеріп жүрген журналистер, халықаралық ақпарат құралдары бар. Жалпы халықтың ортасында жұмыс істеп жатқан журналистер бар. Солардың көбі атақты, лауазымды марапаттардың біреуіне де ілігіп жатқан жоқ. Сол қынжылтады. Негізі журналистердің сыйлығы тәуелсіз болуы керек. Жоғары деңгейдегі сыйлық азаматтық қоғам, қоғамдық бірлестік тарапынан берілгені жөн. Жаңа қоғамда ақпарат саласына да өзгеріс керек.

Сондай-ақ...