Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Рахмонов алдыңғы ондықта

Рахмонов алыңғы ондықта. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері UFC рейтингіндегі жағдайын жақсартып, орта салмақтағы спортшылар арасында 10-сатыға жайғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін 15-ші болған. Жалпы тізімдегі жағдайға жерлесіміздің соңғы жетістігі түрткі болды. Ол Лас-Вегас төрінде америкалық Нил Мэгнимен жолығып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Шавхат қарсыластын қылғындыру әдісімен ұтты. Айта кету керек, бұл 27 жастағы спортшының кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісі. UFC аясында қатыран 4-рет басым түсіп отыр. Ал, есе жіберген Нил Мэгни, керісінше, 2 саты төмендеп, 12-орынға трақтады. Жаңартылған тізімнің көшін америкалық Камар Усман бастап тұр.

КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қарағандыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері еркін күрес шеберлері бозкілемге шықты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған палуандар 10 салмақта сынға түсті. Нәтижесінде, жеңіл және орта салмқатарда Рахат Қалжан, Асыл Айтақын, Әділ Оспанов, Сырбаз Талғат және  Нұрқожа Қайпановтар қарсылас шақ келтірмеді. Ауыр салмақта Мамед Ибрагимов  пен Нұрғали Нұрғайыпұлы, ал, аса ауыр салмақта Юсуп Батырмырзаев чемпион атанды. Жалпыкомандалық есепте 105 ұпаймен Павлодар облысы алға шықты. Үздік үштікке Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының құрамалары кірді. Енді әйелдер және грек-рим күрестері бойынша бәсекелер өтеді. Ішкі біріншілік қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы әлемдік аламандарға дайындқыты бастайды.

РЫБАКИНА ЕКІНШІ АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ 

Рыбакина екінші айналымға шықты. Ұлбыритандия астанасы Лондон қаласында жылдың ең басты бәсекесі Уимболдан турнирі жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні  3 бірдей жерлесіміз бағын сынады. Араларынан Елена Рыбакина ғана сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға жолдама алды. Алғашқы кезедсуінде  америкалық Коко Вандевегені айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 7:6, 7:5. Енді ол канадалық Бьянка Андрескумен жолығады. Қалған қазақстандық теннисшілер, атап айқанда, Юлия Путинцева мен Михаил Кукушкин ә дегеннен есе жіберді. Олар, сәйкесінше, Франция және Америка спортшылармен кездескен еді. Ал, екінші күннің басты жаңалығы деп Уимблдонның 6 дүркін жеңімпазы Серена Уильямстің франциялық Хармони Танға есе жібергенін айтуға болады. Кейінгісі әлемдік рейтингтің 115- сатысында тұр. Үлкен Дулыға турнерлерін 22 мәрте ұтқан Рафаель Надаль аргентиналық Франсиско Серундолоны жеңді. Кездесу 3 сағат 36 минутқа созылды. Лондондағы теннис турнирі 10-шы шілдеге дейін жалғасады. Оның жалпы жүлде қоры 49 миллион АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ...