Алақан көмегімен сауда жасау мүмкін болады

Болашақта алақан арқылы сауда жасауға болады. Отандық ІТ саласының мамандары алақан құрылғысын құрастырып шықты.

Құрылғы арқылы кез келген адам өз алақанын сканерден өткізіп тіркей алады. Яғни ІТ алақанға карта номерін, жеке мәліметтерді де енгізуге болады. Жоба иелері қазір бірқатар оқу ошақтары мен ауруханалар, әуежайларға кіру үшін енгізе бастаған. Бұл құрылғының бір қасиеті әр адамның биометриясын жеке-жеке таниды. Бұл туралы кешкі жаңалықтарда толықтыратын боламыз.