Ақтаудағы аптап ыстық алдағы 2 тәулікте басылуы мүмкін. Бұл синоптиктердің болжамы.
30 маусым мен 1 шілде аралығында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ауа температурасы кей жерде +37 градусқа дейін төмендейді. Маңғыстау өңірінде өткен аптаның соңында күн күрт ысып, сынап бағаны 43-44 градусқа дейін шарықтады. Кешелі бері топырақ борап, көлік қозғалысына қиындық тудырды. Бірақ барлық бағыт бойынша жол жабылған жоқ.
Айдана Нұршаева, "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының инженер-синоптигі:
- Маңғыстау облысының аумағына солтүстік-батыстан келетін циклонның әсерінен қатты ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі. Күндіз ауа температурасы 28-33 градус, облыстың оңтүстігінде 37 градусқа дейін болады. Ауаның ылғалдығы қалыпты болады.
