476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан Кореяның ядролық технологиясына қызығушылық білдірді

  • 181
  • UPD: 23:37, 29.06.2022

Қазақстан Оңтүстік Кореяның ядролық технологияларына қызығушылық білдіріп отыр.

Энергетика министрінің орынбасары Жандос Нұрмағанбетов осындай пікір білдірді. Делегация Кореяның оңтүстігіндегі атом электр станциясына барып келді. Қазақстан кореялық технология бойынша атом электр станциясын салуды қарастыруға дайын. Алайда бұл жөнінде шешімді үкімет шығарады. Жандос Нұрмағанбетов отандық сарапшылар Ресей мен Қытайға да барып қайтқанын айтты. Келесі айда Францияның атом электр станцияларына бару көзделген. 

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Стратегияны белгілеу үшін Қазақстан энергетикалық жүйесінде атом энергиясының үлесін анықтау мақсатында жұмыс жүріп жатыр. Жақын арада ең алдымен қауіпсіздік тұрғысынан технологияны анықтау керек. Екіншіден, ол энергожүйемізбен үйлесуі қажет. Үшіншіден, бағасы, яғни салынатын станция Қазақстан мүдделеріне қызмет етуі тиіс және онда өндірілген электр қуатының құны лайықты болу керек.

Хабар 24 телеарнасы